Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Контакты редакции: +7 701 799 24 83.

Четверг, 06 апреля 2023

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 57 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 46 бірлескен бұйрығы

Оцените материал
(0 голосов)

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 117 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 117 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30964 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

« 2. Осы Өлшемшарттарда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

3) елеулі бұзушылықтар – осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларына сәйкес елеусіз және өрескел бұзушылықтарға жатпайтын Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарының бұзушылықтары;

4) елеусіз бұзушылықтар – оларды сақтамау немқұрайлылықпен жол берілген бұзушылықтарға әкеп соқтырған және (немесе) әкеп соқтыруы мүмкін, бірақ халықтың денсаулығына қандай да бір елеулі зиян келтірмеген, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарының бұзушылықтары;

5) жаппай қауіп-қатер – инфекциялық, паразиттік аурулардың және (немесе) уланулардың пайда болуымен және таралуымен адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін химиялық, физикалық және биологиялық заттардың (оның ішінде уытты, радиоактивті, биологиялық және химиялық заттардың, улар мен улы заттардың, биологиялық және микробиологиялық организмдердің және олардың уыттарының, биологиялық құралдары мен материалдарының) ықтимал қауіпті ықпалымен бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметімен байланысты жағдайлар және (немесе) факторлар;

6) өрескел бұзушылықтар – оларды сақтамау жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын, адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соқтырған және (немесе) әкеп соқтыруы мүмкін Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасын қасақана немесе абайсызда және елеулі бұзушылық;

7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау және қадағалау субъектісін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

9) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жолымен қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын төмендетуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі кейіннен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі мүмкін дәрежесі мақсатында талаптарға сәйкестігін тексеру арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін, бұл ретте жол берілетін деңгейді қамтамасыз ете отырып, тиісті қызмет салаларындағы тәуекел, сондай-ақ нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруге бара отырып, осындай бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) профилактикалық бақылаудан босатуға бағытталған;

10) тексеру парағы – оларды сақталмау адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптардың тізбесі;

11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел – тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметі нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

12) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі;

13) эпидемиялық мәні бар объектілер – өндіретін өнімі және (немесе) қызметі Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде халық арасында тамақтан уланулардың және (немесе) инфекциялық, паразиттік

аурулардың пайда болуына алып келуі және (немесе) өнеркәсіптік және радиоактивті ластанудан, физикалық факторлардан халықтың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін объектілер.»;

4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Талаптарға сәйкестігіне тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын (шешімдерді мультиөлшемшарттық талдау) объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

5. Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар бойынша бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) тәуекелдің үш дәрежесі бойынша бөлінеді: осы өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес жоғары, орташа және төмен.»;

9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Екінші кезеңде бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежесіне жатқызу және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау жүргізу және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру кезінде іріктеу үшін Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзатын бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін деректер базасы, ақпарат көздері қолданылады.

10. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау қажет.

Ақпаратты жинау және өңдеу процестері толық көлемде автоматтандырылады және алынған деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігін көздейді.

Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарын айқындау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

1) бақылау және қадағалау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы. Қолайсыз оқиғаларға инфекциялық аурулардың және (немесе) паразиттік және топтық инфекциялық аурулардың және уланулардың, оның ішінде тамақтан уланулардың, олардың таралу ошақтарының жағдайларын тіркеу жатады.

2) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар);

4) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері;

5) бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік және мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

6) Кодекстің 144-4-бабында көзделген негіздерге сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері.»;

мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

«13-1. Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру кезінде субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін есептеу осы өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу (R) алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) барып профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SP) және субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SC) қосу жолымен автоматтандырылған режимде, кейіннен деректер мәндерін 0-ден бастап 100 баллға дейінгі ауқымда қалыпқа келтіре отырып, жүзеге асырылады.

Rаралық = SP + SC, мұнда

Rаралық – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

SC – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

Есептеу мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау

және қадағалау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың бір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеме жиынтықты (іріктемені) құрайды.

Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0 ден 100 баллға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

2023 57 03

xi– субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

wi–xi субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы, n – көрсеткіштер саны.

Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеуге қосылады.

R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 баллға дейінгі ауқымға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру мынадай формуланы пайдалана отырып, әрбір іріктеме жиынтық (іріктеме) бойынша жүзеге асырылады:

2023 57 02

R – жеке бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

Rпром– бір іріктеме жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шәкілі бойынша ең жоғары ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

Rmax– бір іріктеме жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шәкілі бойынша мүмкін болатын ең төменгі мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

Rmin– субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.»;

халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау, талаптарына сәйкестігін тексеру және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі»;

мынадай мазмұндағы жол алынып тасталсын:

«Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) алдыңғы тексерулер мен бара отырып профилактикалық бақылаудың нәтижелері»;

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 3-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жиырма алтыншы, жиырма сегізінші, отызыншы және

отыз бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. А. Куантыров

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. А. Ғиният

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 сәуірде № 32235 болып тіркелді.

ҚҰЖАТТЫ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ.

Просмотров 545 раз

Документы

Реклама

Контакты

ТОО «PharmReview». 

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top