Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сәрсенбі, 06 Қыркүйек 2023

ЕАЭО-да тіркеу дерекнамасының 1 модулін қалыптастыру және өзгерту бойынша ұсынымдар қабылданды Featured

Rate this item
(1 Vote)

tabl pharmreview 12 2022 02Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы тану мемлекеттерінің уәкілетті органдарына (сараптамалық ұйымдарына) дәрілік препараттың тіркеу дерекнамасының 1-модулінің құрамына кіретін құжаттарды электрондық жалпы техникалық құжат нысанында ұсыну жөніндегі нұсқаманы қабылдады.

Құжат дәрілік препараттың тіркеу дерекнамасының 1-модулінің электрондық версияларын қалыптастыру және өзгерту (толықтыру) тәртібі бойынша ұсынымдарды қамтиды. Бұл тәртіп 1-модульдің референттік мемлекеттен тану мемлекетіне үзіліссіз қозғалысын және оның осындай қозғалыс процесінде дер кезінде өзектілендірілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл фармацевтикалық өндірушілердің дерекнама құжаттарын беру рәсімдерін жақсы түсінуіне ықпал етеді, электрондық жүйенің 1-модульді қабылдаудан бас тарту ықтималдығын азайтады.

Дереккөз: ndda.kz.

Read 715 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top