Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Жұма, 09 Ақпан 2024

Жапонияда түнгі пароксизмальды гемоглобинурияны емдеуге арналған инновациялық препарат мақұлданды Featured

Rate this item
(0 votes)

az 02 2024Voydeya (даникопан) Жапонияда алғаш рет ПТГ бар ересектерге C5 компонент комплемент ингибиторлық терапиясымен бірге қолдану бойынша реттеушінің рұқсатын алды.

Бұл ПТГ пациенттерінің кіші тобындағы III фазалық ALPHA зерттеу нәтижелеріне негізделген D факторының пероральды ингибиторы санатындағы алғашқы мақұлдау болып табылады.

Voydeya (даникопан) препараты Жапонияда пароксизмальды түнгі гемоглобинурияны (ПТГ) емдеу үшін мақұлданған. Жапонияда ол пациенттер C5 компонент комплемент ингибиторлық терапиясына жеткіліксіз жауап қайтарған кезде C5 ингибиторлық терапиясымен бірге қосымша қолданылады.1

Voydeya – стандарттары расталған препараттарына қосымша ретінде әзірленген, C5 компонент комплемент ингибиторымен емдеу кезінде байқалатын клиникалық маңызды тамырдан тыс гемолиз (ТТГ) бар ПТГ бар пациенттердің кіші тобына (шамамен 10-20%) терапия көрсетуге бағытталған D факторының бірінші санатты пероральды ингибиторы. 2,3

Жапонияның денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінің мақұлдауы III фазалық ALPHA зерттеуінің оң нәтижелеріне негізделген. Зерттеудің 12 апталық бастапқы бағалау кезеңінің нәтижелері The Lancet Haematology журналында жарияланды. 2

ПТГ – сирек кездесетін, ауыр қан жүйесі ауруы, ол тамырішілік гемолиз (ТІГ) деп аталатын қан тамырларындағы эритроциттердің бұзылуымен сипатталады, сонымен қатар тромбозды (тромбтардың пайда болуы) тудыратын лейкоциттер мен тромбоциттердің белсендене түсуі, ал ол, өз кезегінде, , яғни органдардың зақымдалуына және мерзімінен бұрын өлімге әкелуі мүмкін.4-6 C5 ақуызын блоктау арқылы терминалды комплементтің дереу, толық және тұрақты ингибирленуі симптомдар мен асқынуларды азайтуға көмектеседі, бұл ПТГ пациенттерінің өмір сүру мерзімінің жақсаруына әкеледі.6-9

С5 ингибиторларымен ем алатын, ПТГ-мен өмір сүретін адамдардың шамамен 10-20%-ында клиникалық маңызды тамырдан тыс гемолиз пайда болады, бұл анемия белгілеріне және қан құю қажеттілігіне әкелуі мүмкін. 2-4,10-12

Медицина және философия ғылымдарының докторы, Осака университеті Жоғары медицина мектебінің гематология және онкология кафедрасының профессоры Дзюн-ичи Нисимура (Jun-ichi Nishimura): «C5 компонент комплемент ингибитрленуі ПТГ-ның емделуін өзгертті және тамырішілік гемолизді (ТІГ) бақылауға, асқынулардың алдын алуға және өмір сүруді жақсартуға мүмкіндік беретінін дәлелдеді. С5 ингибиторларымен емделетін пациенттердің шағын тобында клиникалық маңызды тамырдан тыс гемолиз (ТТГ) белгілері немесе симптомдары болуы мүмкін. ALPHA зерттеуінде Voydeya препараты C5 ингибиторларына қосымша ретінде гемоглобин деңгейін жоғарылатты және тамырішілік гемолизді (ТІГ) бақылауды сақтай отырып, қан құю қажеттілігін азайтты. Бүгінгі препаратты мақұлдау стандартты режимде емдеуді жалғастыра отырып, тамырдан тыс гемолиздің (ТТГ) ауыр көріністерінен зардап шегетіндердің нәтижелерін жақсарта алады», - деп мәлімдеді.

Alexion компаниясының Бас директоры, Марк Дюнойер: «20 жылдан астам ПТГ зерттеулері сирек кездесетін ауруды емдеудің тиімділігінде C5 ингибитрленуінің рөлін растады және біз ПТГ-мен ауыратын адамдар қоғамдастығы үшін инновацияларды жалғастырамыз. Стандартты емдеуге қосымша ретінде қолданылатын Voydeya препараты тексерілген терапияны бұзбай, клиникалық маңызды тамырдан тыс гемолизден зардап шегетіндерге көмектесу туралы шешімімізді растайды. Біз бұл маңызды жетістікті Жапониядағы осы аурумен ауыратын ПТГ пациенттерінің кіші тобына жеткізуді асыға күтеміз».

III фазалық ALPHA зерттеуі Voydeya препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігін С5 ингибиторларына қосымша ретінде қабылдаған және клиникалық маңызды тамырдан тыс гемолиз мәндері гемоглобин деңгейі ≤9,5 г/дл және ретикулоциттердің абсолютті саны ≥120х109/л көлемінде келетін ПТГ пациенттері арасында бағалаған. Нәтижелер Voydeya препаратының бастапқы деңгейден емдеудің 12-ші аптасына дейін гемоглобин деңгейі өзгерісінің негізгі соңғы нүктесіне, сонымен қатар қан құю қажеттілігін азайту мен созылмалы ауруды емдеу – шаршауды функционалдық бағалау (FACIT-Fatigue) көрсеткішін өзгертуді қоса алғанда, барлық негізгі қайталама соңғы нүктелерге сәйкес келетінін көрсетеді.2

Voydeya препаратын АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы «Серпінді терапия» ретінде ұсынды, сонымен қатар препарат Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің «Басымдығы бар дәрі-дәрмек» (PRIME) мәртебесіне ие болды. Voydeya препараты АҚШ, ЕО және Жапонияда ПТГ емдеу үшін орфандық дәрі-дәрмек мәртебесін алды. Қазіргі уақытта Voydeya-ға қатысты реттеушілік өтінімдер регуляторлық әртүрлі халықаралық денсаулық сақтау ұйымдарында қаралуда.

ПТГ

ПТГ (пароксизмальды түнгі гемоглобинурия) – сирек кездесетін, созылмалы, прогрессивті және өмірге қауіп төндіретін қан жүйесі ауруы. Ол қан тамырларындағы эритроциттердің бұзылуымен (тамырішілік гемолиз деп те аталады) және лейкоциттер мен тромбоциттердің белсендірілуімен сипатталады, ал бұл тромбозға (тромбтардың пайда болуына) әкелуі мүмкін. 4-6

ПТГ жүре пайда болған генетикалық мутациядан туындайды, ол туылғаннан кейін бүкіл кезеңде пайда болуы ықтимал және қан жасушаларының маңызды қорғаныш беткі ақуыздары жоқ қалыптан тыс қан жасушаларының пайда болуына әкеледі. Бұл жетіспейтін ақуыздар иммундық жүйенің бөлігі болып табылатын және денені инфекциялардан қорғау үшін қажет комплемент жүйесіне осы анормальды қан жасушаларын «шабуылдауға» және жоюға немесе белсендіруге мүмкіндік береді.4 ПТГ-мен өмір сүру қатты шаршауға әкеліу мүмкін және оның белгілері мен симптомдары түрлі қан тамырлары тромбозы, іштің ауыруы, жұтынудың қиындауы, эректильді дисфункция, ентігу, шамадан тыс шаршау, анемия және түсі қанық несепті қамтуы ықтимал. 4,10,13

Клиникалық маңызды тамырдан тыс гемолиз (ТТГ)

Тамырдан тыс гемолиз – эритроциттерді қан тамырларынан тыс алып тастау, кейде C5 ингибиторларымен емделетін ПТГ бар пациенттерде болуы мүмкін.14,15 C5 ингибирленуі ПТГ эритроциттерінің өмір сүруіне және айналымына көмектесетіндіктен, ТТГ бұл тірі қалған ПТГ эритроциттері көкбауыр мен бауырды жою үшін комплемент жүйесінің ақуыздарымен белгіленгенде пайда болуы ықтимал. 4,6,8 ПТГ және ТТГ бар пациенттерде анемия сақталуы мүмкін, оның себептері әртүрлі болып келеді және қан құюды қажет етуі мүмкін. 14-17 ПТГ-мен өмір сүретін және C5 ингибиторымен ем қабылдайтын адамдардың шағын тобында, клиникалық маңызды тамырдан тыс гемолиз (ТТГ) байқалады, бұл анемия белгілерінің сақталуына әкелуі мүмкін және қан құюды қажет етеді. 4,10-12

ALPHA

ALPHA – клиникалық маңызды тамырдан тыс гемолиз байқалатын ПТГ бар пациенттерде С5 ингибиторларымен терапияға қосымша ретінде ұсынылатын Voydeya препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігінің артықшылықтарын зерттеу ретінде әзірленген негізгі жаһандық III фазалық зерттеу. Препаратты бірнеше рет қабылдаумен қос соқыр сипатта плацебо- бақылау сынағында пациенттер 12 апта бойы жалғасып келе жатқан С5 ингибиторлары терапиясынан басқа, Voydeya немесе плацебо (2:1) препаратын қабылдау үшін сынаққа енгізілді және рандомизацияланды. Алдын ала анықталған аралық талдау 63 рандомизацияланған пациент бастапқы бағалау кезеңінің 12 аптасын аяқтағаннан кейін немесе 2022 жылдың 28 маусымындағы жағдай бойынша емдеуді тоқтатқаннан кейін жүргізілді. 12 аптадан кейін плацебо және С5 ингибиторларын қабылдаған пациенттер Voydeya-ға қосымша С5 ингибиторларына ауыстырылды, ал Voydeya-мен қатар С5 ингибиторларын қабылдаған пациенттер тағы 12 апта емделді. Екі емдеу кезеңінен (24 апта) өткен пациенттер екі жылдық ұзақ мерзімді ұзарту кезеңіне қатысуға және С5 ингибиторларына қосымша Voydeya препаратын қабылдауды жалғастыруға мүмкіндік алды. Зерттеудің ашық кезеңі жалғасуда.2,18

Voydeya (даникопан)

Voydeya (даникопан) – бұл D факторының пероралды ингибиторы. Препарат комплемент жүйесінің реакциясын күшейтуде шешуші рөл атқаратын, комплемент жүйесінің ақуызы D факторын селективті тежеу арқылы әрекет етеді. Комплемент каскадының бақылаусыз белсендірілуінде шамадан тыс әрекет етеді, нәтижесінде дене өзінің сау жасушаларына шабуыл жасай бастайды. Voydeya препаратын АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы «серпінді терапия» ретінде ұсынды және Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінен «Басымдығы бар дәрі-дәрмек» (PRIME) мәртебесін алды. Сондай-ақ Voydeya препараты АҚШ, ЕО және Жапонияда ПТГ-ні емдеу үшін орфандық дәрі мәртебесін иеленді.

Voydeya Жапонияда ПТГ бар кейбір ересектер үшін C5 ингибиторлық терапиясымен бірге мақұлданған.

Alexion компаниясы Voydeya-ны II фазалық клиникалық сынақтар шеңберінде географиялық атрофияның әлеуетті монотерапиясы ретінде бағалайды.

Alexion

Alexion, AstraZeneca Rare Disease – AstraZeneca компаниясының құрамындағы сирек кездесетін аурулармен айналысатын топ (Alexion Pharmaceuticals-ты AstraZeneca сатып алғаннан бері). 30 жылдан астам сирек кездесетін аурулардың көшбасшысы ретінде Alexion өмір сапасын өзгертетін дәрі-дәрмектерді табу, әзірлеу және коммерцияландыру арқылы сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін пациенттер мен олардың отбасыларына көмек көрсетуге бағытталған.

Alexion өзінің зерттеу күшін комплемент каскадын блоктау және жаңа молекулалар мен нысандарға, сондай-ақ гематология, нефрология, неврология, метаболикалық бұзылулар, кардиология және офтальмологиядағы әзірлемелерге бағыттайды. Компанияның штаб-пәтері Бостонда, Массачусетс штатында орналасқан, кеңселері дүние жүзінде 50-ден астам елде пациенттерге қызмет көрсетеді.

«АстраЗенека» компаниясы туралы

«АстраЗенека» онкология, кардиология, нефрология және метаболизм, тыныс алу және аутоиммундық, сондай-ақ сирек кездесетін аурулар сияқты терапевтік салаларда рецепт бойынша берілетін дәрі-дәрмектерді зерттеуге, әзірлеуге және нарыққа шығаруға бағыт алған инновациялық биофармацевтикалық компания болып табылады. Кембриджде (Ұлыбритания) орналасқан «АстраЗенека» компаниясы 100-ден астам елде жұмыс істейді және оның инновациялық препараттарын бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациенттер пайдаланады. Компания жаңалықтарын astrazeneca.com сайтынан оқыңыз.

Дереккөздердің тізімі:


1. Voydeya (danicopan) Japanese prescribing information; January 2023
2. Lee JW, et al. Addition of danicopan to ravulizumab or eculizumab in patients with paroxysmal nocturnal haemoglobinuria and clinically significant extravascular haemolysis Page 4 of 4 (ALPHA): a double-blind, randomised, phase 3 trial. The Lancet Haematology. 2023;10(12):E955-E965.
3. Kulasekararaj AG, et al. Prevalence of clinically significant extravascular hemolysis in stable C5 inhibitor-treated patients with PNH and its association with disease control, quality of life and treatment satisfaction. Presented at: European Hematology Association (EHA) Hybrid Congress. 8-11 June 2023; Frankfurt, Germany. Abs PB2056.
4. Brodsky RA. Paroxysmal nocturnal hemoglobinuria. Blood. 2014;124(18):2804-2811
5. Griffin M, et al. Significant hemolysis is not required for thrombosis in paroxysmal nocturnal hemoglobinuria. Haematologica. 2019;104(3):e94-e96.
6. Hillmen P, et al. The Complement inhibitor eculizumab in paroxysmal nocturnal hemoglobinuria. N Engl J Med. 2006;355(12):1233-1243.
7. Lee JW, et al. The role of the alternative pathway in paroxysmal nocturnal hemoglobinuria and emerging treatments. Expert Rev Clin Pharmacol. 2022;15(7):851-861.
8. Kulasekararaj AG, et al. Long-term safety and efficacy of ravulizumab in patients with paroxysmal nocturnal hemoglobinuria: 2-year results from two pivotal phase 3 studies. Eur J Haematol. 2022;109(3):205-214.
9. Kulasekararaj AG, et al. P812: Long-term complement inhibition and survival outcomes in Patients with paroxysmal nocturnal hemoglobinuria: an interim analysis of the ravulizumab clinical trials. HemaSphere. 2022;6(Suppl):706-707.
10. Kulasekararaj AG, et al. Ravulizumab (ALXN1210) vs eculizumab in C5-inhibitor-experienced adult patients with PNH: the 302 study. Blood. 2019;133(6):540–549.
11. Lee JW, et al. Ravulizumab (ALXN1210) vs eculizumab in adult patients with PNH naive to complement inhibitors: the 301 study. Blood. 2019;133(6):530-539.
12. Röth A, et al. Transfusion requirements in adult patients with paroxysmal nocturnal hemoglobinuria naive to complement inhibitors receiving ravulizumab and eculizumab: results from a phase 3 non-inferiority study [abstract]. ECTH 2019. Glasgow, UK ed. Glasgow, UK2019.
13. Hillmen P, et al. Effect of the complement inhibitor eculizumab on thromboembolism on patients with paroxysmal nocturnal hemoglobinuria. Blood. 2007;110(12):4123-4128.
14. Brodsky RA. A complementary new drug for PNH. Blood. 2020;135(12):884–885.
15. Risitano AM, et al. Anti-complement treatment for paroxysmal nocturnal hemoglobinuria: time for proximal complement inhibition? A position paper from the SAAWP of the EBMT. Front Immunol. 2019;10:1157.
16. Berentsen S, et al. Novel insights into the treatment of complement-mediated hemolytic anemias. Ther Adv Hematol. 2019;10:2040620719873321.
17. Kulasekararaj AG, et al. Monitoring of patients with paroxysmal nocturnal hemoglobinuria on a complement inhibitor. Am J Hematol. 2021;96(7):E232-235.
18. ClinicalTrials.gov. Danicopan as Add-on Therapy to a C5 Inhibitor in Paroxysmal Nocturnal Hemoglobinuria (PNH) Participants Who Have Clinically Evident Extravascular Hemolysis (EVH)(ALPHA). NCT Identifier: NCT04469465. Available here. Accessed December 2023.

Read 621 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top