Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Жұма, 27 Қазан 2023

Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы инновациялық дәрі-дәрмектер шығарылатын болады

Rate this item
(1 Vote)

memorandum 10 2023 03«Global Pharm» III Халықаралық фармацевтикалық форумының алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Байер КАЗ» ЖШС-і ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Бірлескен стратегиялық әріптестік клиникалық зерттеулер нарығын дамытуға және озық технологиялар трансферіне бағытталған.

Bayer – кардиология, онкология, әйелдер денсаулығы, қант диабеті және офтальмология сияқты емдік салаларда пациенттерге пайда әкелетін инновациялық дәрі-дәрмектерді әзірлеу және ілгерілету саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі.

Терапевтік радиология саласында Bayer төмен дозалы компьютерлік томография (КТ) және жоғары өрісті магнитті-резонанстық томография (МРТ) үшін ИТ-қолданбаларын, инфузиялық жүйелерді және контрастты заттарды әзірлеуге баса назар аударады. Бұл дәрігерлерге дәлірек диагноз қоюға және осылайша сапалы деректерді алу арқылы тікелей денсаулық сақтау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Тараптар Қазақстанға ауруларды емдеу парадигмаларын өзгертетін бірегей инновациялық дәрі-дәрмектерді халықаралық рандомизацияланған клиникалық зерттеулерді тарту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Сондай-ақ, пациенттерді терапияның инновациялық әдістерімен қамтамасыз ету және ғылыми-білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы Қазақстанның денсаулық сақтау мамандарының құзыреттерін жетілдіру үшін простата обырын емдеуге арналған инновациялық өнімдер нарығына қол жеткізу бойынша бірлескен жұмыс көзделген.

«Global Pharm» III Халықаралық фармацевтикалық форумы – дамудың жаңа мүмкіндіктерін айқындау және сенімді бизнес-серіктестіктерді іздеу үшін ең нәтижелі диалог алаңы мәртебесін сақтап келеді. Форум барысында Қазақстан отандық және шетелдік компаниялармен ынтымақтастық туралы бес Меморандумға қол қойды.

Мемлекет басшысы әлемдік ойыншылармен ынтымақтастықтың және технологиялар трансферінің маңыздылығын бірнеше рет атап өтіп, отандық дәрілік заттардың үлесін 50%-ға дейін жеткізуді тапсырды.

Қазақстандық тарап, өз кезегінде, алғысын айтып, отандық фармацевтикалық секторды ілгерілету және дамыту үшін ынтымақтастықта дайындығын білдірді. Бірлескен өзара іс-қимыл BigPharma қатарындағы компаниялардың әлемдік тәжірибелерін енгізу арқасында қазақстандық фармациялық нарықтың дамуына жаңа серпін береді.

Дереккөз: «СК-Фармация» ЖШС баспасөз қызметі.

Read 956 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top