Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Бейсенбі, 29 Ақпан 2024

«АстраЗенека» Еуразиялық Фармацевтикалық Форум 2024 аясында Қазақстандағы дамудың стратегиялық басымдықтарын жариялады Featured

Rate this item
(1 Vote)

m shipuleva 02 2024 01Бүгін Алматыда басталған Еуразиялық Фармацевтикалық Форумы аясында фармкомпаниялар топ-менеджерлері арасында Еуразия фармацевтикалық нарығының мақсаттары мен болашағы тақырыбына арналған стратегиялық талқылауы өтті. Жиын барысында «АстраЗенека» Қазақстан директоры Мария Шипулева компанияның республикада клиникалық зерттеулерді бастау туралы жоспарымен бөлісті. Бұл қадам елдегі ғылыми-зерттеу қызметінің, фармацевтикалық индустрияның және кадрлық әлеуеттің одан әрі дамуына әсер етеді деп болжаланады.

Талқылауға Pfizer, Johnson & Johnson Kazakhstan, Sun Pharma, Pharma Choice сынды жетекші фармацевтикалық компаниялардың топ-менеджерлері, сондай-ақ «СК-Фармация» Басқарма төрағасы мен EY консалтингтік корпорациясының өкілі белсенді түрде қатысты. Ал сессия модераторы рөлін Қазақстан Республикасындағы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті Вячеслав Нотанович Локшин атқарды.

Тараптар Еуразиядағы фармацевтикалық компанияларды дамытудың өзекті стратегиялары туралы пікір алмасты. Бағаны белгілеуді реттеу, препараттарды тіркеу талаптары, тауарларды таңбалау және логистика мәселелері көтеріліп, басты назар әртүрлі нарықтардағы жұмыс ерекшеліктеріне аударылды. Фармацевтикалық компаниялардың аймақтағы даму стратегияларын талқылау аясында «АстраЗенека» Қазақстан директоры Мария Шипулева компанияның республикада клиникалық зерттеулерді іске қосу ниеті туралы хабарлады. Бұрын мұндай зерттеулердің сирек жүргізілгені белгілі. Аталмыш бастама фармацевтикалық препараттарды елде өндіру бастамасы бойынша жаңа қадамға айналуда. Сонымен қатар, клиникалық зерттеулердің дамуына үлес қосуға әрі жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыру үшін бірегей мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Мария Шипулева, Қазақстандағы «АстраЗенека» өкілдігінің директоры: «Біз инновациялық компания болғандықтан Қазақстанда клиникалық зерттеулер институтын дамытуға мүдделіміз. 2024 жылы біз республиканың бірнеше медициналық мекемелерінің базасында алғашқы клиникалық зерттеуді бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл жерде мен 3 фазалы зерттеулерді айтып отырмын. Бұл елдегі ғылыми зерттеулердің дамуына елеулі серпін беретін әрі қазақстандық ғылыми қызметкерлер үшін маңызды тәжірибе болмақ».

Биылғы жылы фармацевтика саласы үшін өнімді таңбалау мәселесі өзекті болып отыр. Бұл барлық нарық ойыншылары үшін міндетті процесс және емделуші үшін дәрілердің түпнұсқалығына кепілдік береді. Дегенмен, қатысушылар бұл процесстің халықаралық тәжірибеден айырмашылығын айтып отыр, олар қазіргі таңда тіркелмеген дәрілерді де сериялау туралы талапты атап өтті. Бірақ бұл талап тіркеу жүріп жатқан кезде пациенттердің өмірлік маңызы бар дәрілерге ерте қол жеткізуіне кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан қатысушылар бұл препараттарды сериялау талаптарынан алып тастауды ұсынды.

Сонымен қатар, талқылауға қатысушылар дәрілік препараттарды қайта тіркеу мерзімін кемінде екі жылға ұзарту қажеттілігі туралы мәселені көтерді. 2025 жылға қарай барлық фармацевтикалық компаниялар өздерінің дәрілік препараттарын жаңа процедураға сәйкес қайта тіркеуге міндетті. Бұл процесс компаниялар мен реттеушілерден айтарлықтай уақыт пен қаржылық шығындарды талап етеді, олар жүздеген мың молекулаларды тексеріп, қайта тіркеуі керек.

Дереккөз: Компанияның баспасөз хабарламасы.

Read 1030 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top