Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Контакты редакции: +7 701 799 24 83.

Понедельник, 01 мая 2023

Қазақстан мен Швеция денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасты

Оцените материал
(0 голосов)

az 04 2023Астанада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Швецияның Қазақстандағы Елшілігі өкілдерінің қатысуымен «Денсаулық сақтаудың болашағы: Швеция мен Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін басқару бойынша тәжірибемен алмасуы» тақырыбында дөңгелек үстел орын алды.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты Қазақстан мен Швецияның соңғы онжылдықтардағы денсаулықты сақтаудың негізгі бағыттары бойынша жинақтаған тәжірибесі және білімімен екіжақты алмасу болды. Екі ел де денсаулық сақтау қажеттіліктері мен инновациялық емдеу әдістерінің өсіп келе жатқан құны мен күрделілігі арасындағы тепе-теңдікті орнатуда, сондай-ақ инновациялық медициналық технологияларды қолдана отырып, пациенттердің өзекті қажеттіліктеріне жауап беретін шешімдерді табуда ұқсас қиындықтарға тап болуда.

Дөңгелек үстел цифрлық, сондай-ақ ауыл денсаулығына арналған апталық бағдарламаға қатысу үшін Қазақстаннан Швецияға жоғары деңгейдегі делегацияның болашақ сапарының негізіне себепкерлік тудырды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Швеция үкіметі ұйымдастырған шара осы жылдың соңында өтеді. Қазақстан Швециядағы денсаулық сақтау тәжірибесімен алмасу бағдарламасына қатысуға ДДҰ шақырған алғашқы елдердің бірі болмақ.

Іс-шараны Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев, Швецияның Қазақстандағы елшісі Ева Ульрика Пулано және ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы д-р Скендер Сила ашты. Сондай-ақ ғылым кандидаты, Business Sweden-де Еуразия бойынша аймақтық директоры Маттиас Линдгрен қонақтар алдында кіріспе сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелде Швецияның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі ұлттық кеңесінің Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аға кеңесшісі Ирен Нильссон-Карлссон баяндама жасады, ал бұдан кейін денсаулық сақтаудың бас қазақстандық реттеушілері – Денсаулық сақтау министрлігі, Фармацевтикалық өнімдер мен медициналық бұйымдарды бақылау комитеті және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы өкілдерінің қатысуымен ашық пікірталас өтті. Талқылауға сондай-ақ Қазақстанның өзге де реттеуші мемлекеттік органдарының аудиторияда отырған өкілдері және Швеция мен Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібі мен денсаулық сақтау секторының сарапшылары қатысты.

Кездесу пациенттердің өміріне араша түсетін инновациялық дәрі-дәрмектерді әзірлеуде бір ғасырдан астам тәжірибесі бар, швед инновацияларының тарихына терең тамыр жайған «АстраЗенека» халықаралық биофармацевтикалық компаниясының қолдауымен өтті. Бүгінгі таңда компания әлемнің 100-ден астам елінде таныстырылғанымен, оның құрылған жері Швецияның Сёдертелье қаласы, ол әлі күнге дейін «АстраЗенеканың» негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындары мен дәрі-дәрмектерді әзірлеу орталықтарының бірі болып табылады.

«Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі 30 жылдан астам уақыт бойы екіжақты дипломатиялық қатынастарды сақтап келеді. Бұл, ең алдымен, көптеген салалардағы берік достық байланыстар мен өзара тиімді ынтымақтастықты көрсетеді. Президент Қ.К.Тоқаев Жаңа Қазақстанға қатысты жариялаған жоғары амбицияларына сәйкес, Швеция өзін мықты серіктес ретінде көрсетуге тырысады. Негізгі бағыттардың бірі – денсаулық сақтау. Өткен жылы біз Қазақстанмен денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамуының куәсі болғанымызды ерекше мақтанышпен хабарлаймын. Денсаулық сақтаудың болашағы туралы білім алмасуға арналған бүгінгі дөңгелек үстел – осының тамаша үлгісі. Біз қазір бастамашы болып отырған жобалар мен бағдарламалар Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ханымның Швециядағы әріптес-министрінің мен ДДҰ-ның шақыруы бойынша Швецияға өте маңызды сапарына жоспарлы түрде әкелетінін атап өткім келеді. Осы жылдың қараша айына жоспарланған министрлік сапары барысында цифрлық және ауылдық денсаулық сақтау салаларына баса назар аударылатын болады. Швеция қазір Қазақстанмен серіктестік мүмкіндігін қарастырып жатқан басқа бағыттар қатарында диализ және қатерлі ісікті емдеу болып табылады. Елшіліктің мақсаты – Швеция мен қазақстандық университеттер арасындағы екіжақты әріптестікті бастау, бұл екі елге де пайда әкелуі мүмкін, әсіресе Швеция ҒЗТКЖ, зерттеулер мен әзірлемелер, сондай-ақ үштік спираль моделі саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылатындығын ескеретін болсақ. Керемет мысал – «АстраЗенека», инновациялық дәрі-дәрмектер мен медициналық технологиялар саласындағы әлемдегі ең мықты компаниялардың бірі. Мен бүгінгі дөңгелек үстелдің нәтижелеріне өте қуаныштымын және Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуын асыға күтемін», - деп атап өтті Швецияның Қазақстандағы елшісі Ева Ульрика Пулано.

Шараны Швеция Елшілігі мен Швецияның сауда және инвестиция бойынша Business Sweden кеңесі «АстраЗенека» британдық-швед биофармацевтикалық компаниясының қолдауымен ұйымдастырды.

Ал, өз кезегінде Қазақстандағы «АстраЗенека» өкілдігінің бас директоры Александр Таришкин: «Қазақстан мен Швеция арасындағы денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл – бұл жай ғана сөз емес. Швеция өткенінде өзіндік орны бар «АстраЗенека» осындай ынтымақтастықтың сәтті мысалы болып табылады. Біздің мақсатымыз – екі елдің пациенттері үшін ауыр кеселдерді диагностикалау мен емдеудің инновациялық әдістеріне қолжетімділікті кеңейту. Қазақстанда дәрілік препараттар өндірісін локализациялау, клиникалық практикаға диагностика мен терапияның заманауи әдістерін енгізу және денсаулық сақтауды цифрландыру – бұл ретті біз үшін басым міндеттер», - деп пікірін білдірді.

Просмотров 912 раз

Контакты

ТОО «PharmReview». 

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top